Өнімдер

Біз дүние жүзі бойынша автокөлік, теміржол, авиациялық және теңіз көлігі арқылы тасымалданатын жүктердің барлық түрлеріне сенімді сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеміз.

Сіз жүкті нақты бір реттік тасымалдауға сақтандыру шартын жасай аласыз немесе ерекше келісім (бас шарт) бойынша белгілі бір мерзім ішінде өзіңіз алатын немесе жіберетін жүктердің барлық түрлерін сақтандыруыңызға болады.

Сақтандыру бағдарламалары

1. Барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен

Біз:

  • жалпы қабылданған есептен шығаруларды есепке алмай, барлық кез келген себеппен туындаған жүктің жоғалуынан, зақымдалуынан және/немесе толық апат болуынан келген залалдарды;
  • жүкті құтқарып және сақтап қалу, залалды азайту және оның көлемін анықтаубойынша жасалған барлық қажетті және мақсатқа сай шығындардан келген залалдарды;
  • жалпы апат бойынша залалдарды, шығындар мен жарналардыөтеп береміз.

2. Жеке меншік апат үшін жауапкершілікпен

Біз

  • өрт, жарылыс, найзағай түсу, дауыл, құйын және өзге де табиғи апаттардың салынан пайда болған барлық жүк немесе оның бір бөлігі апат болғаннан келген залалдарды;
  • тасымалдау құралдары аударылғанның немесе қақтығысқанның, олардың жылжымайтын немесе қалқымалы заттарға соғылғанының, кеменің мұзға зақымдалуының, оның қайырға тұрып қалуының, ұшақтың құлауының салдарынан келген залалдарды;
  • жүктің көлік құралымен бірге хабарсыз жоғалып кетуі салдарынан келген залалдарды;
  • көпірлер, тоннельдер құрылмаларының құлауы, қойма бөлме-жайларының қирауы салдарынан келген залалдарды;
  • суға дымқылдану, жүкті кеменің бортынан сумен шайып тастау, жүкті апаттық лақтыру және де өртті сөндіру үшін қолданған шаралар салдарынан келген залалдарды;
  • жалпы апат бойынша залалдарды, шығындар мен жарналарды;
  • жүкті тиеу, орналастыру немесе түсіру, тасымалдау құралына отын құю кезіндегі оқиғалар салдарынан келген залалдарды;
  • жүкті құтқарып қалу бойынша жасалған барлық қажетті және мақсатқа сай шығындардан келген залалдарды өтеп береміз.

3. Апат болу жағдайларынан басқа, зақымдалулар үшін жауапкершіліксіз

Біз:

  • от, найзағай түсу, жарылыс, дауыл және өзге де табиғи апаттардың салынан пайда болған барлық жүк немесе оның бір бөлігі апат болғаннан келген залалдарды;
  • поездардың, кемелердің, ұшақтардың және өзге де тасымалдау құралдарының апатқа ұшаруы, олардың жылжымайтын немесе қалқымалы заттарға соғылғанының, кеменің мұзға зақымдалуының, оның қайырға тұрып қалуының, ұшақтың құлауының салдарынан келген залалдарды;
  • көлік бара жатқан кезде көпірлер, тоннельдер құрылмаларының құлауы, қойма бөлме-жайларының қирауы салдарынан келген залалдарды;
  • жүк борт сыртындағы суған дымқылдану, жүкті кеменің бортынан сумен шайып тастау, жүкті апаттық лақтыру және де өртті сөндіру үшін қолданған шаралар салдарынан зақымдалғаннан келген залалдарды;
  • жүктің көлік құралымен бірге хабарсыз жоғалып кетуі салдарынан келген залалдарды;
  • жүкті тиеу, орналастыру немесе түсіру, тасымалдау құралына отын құю кезіндегі оқиғалар салдарынан келген залалдарды;
  • жалпы апат бойынша залалдарды, шығындар мен жарналарды;
  • жүкті құтқарып, залалды азайту және оның көлемін анықтау  бойынша жасалған барлық қажетті және мақсатқа сай шығындардан келген залалдарды өтеп береміз.

Сақтандыру шарты әдетте жүкті көлік құралына тиеуден бастап, келіскен бағыт бойынша барлық тасымалдау бойынша және жүк алушының тағайындалу орнында алу сәтіне дейін қолданыста болады.

Өзара келісім бойынша сақтандыру қорғауы тиеу-түсіру жұмыстарының уақытына және жүктің қоймадағы аралық сақтау кезеңінде де қолданылуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы әдетте нақты құнның мөлшерінде белгіленеді (өзара келісім бойынша мөлшерге жүкті тасымалдау, күзету, кедендік бажды төлеу және күтілетін кіріс енгізілуі мүмкін).