Калькулятор страхования

Рассчитать

Иные условия страхования вы сможет получить обратившись в ближайший офис

Балаларды сәтсіз оқиғадан ерікті сақтандыру

Балалар – өз ата-анасы үшін ең қымбатты ең асыл. Кім болса да өз баласының жанында әркез болып, оны қорғап, қауіп-қатерлер жөнінде ескере алмайды. Ал балалар бәрін өз көзімен көріп, өз қолымен ұстағысы келеді – бұл, әрине, бір жарақат болмасын, жараға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай сәттерде ата-анасы үшін ең бастысы – өз баласына білікті медициналық көмекті жедел көрсетуді қамтамасыз ету, қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу. Балаларды сәтсіз оқиғадан сақтандыру бағдарламасы – ата-аналар үшін бұл мәселені шешеді. Сақтандыру медициналық шығындардан арзанырақ.
 

  • өтеу тәулігіне 24 сағат бойы
  • сақтандыру ауқымы–Қазақстан Республикасы, Бүкіл дүние жүзі аумағы бойынша сақтандырылған кезде көбейту коэффициенті қолданылады
  • балалардың жасы 1 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда
  • Сақтандыру жағдайы болып Сақтандырылған тұлғаның өліміне,  «мүгедек бала» деген мүгедектікті белгілеуге, ағза функцияларының уақытша бұзылуына әкеп соққан жағдайлар табылады.

Төлем келесі мөлшерде белгіленеді:

Өлген кездесақтандыру сомасынан 100% 
«Мүгедек-бала» санаты белгіленген кезде– сақтандыру сомасынан - 60%.

Жарақат, жара алған кезде - аурудың сегізінші күнінен бастап әр күні үшін сақтандыру сомасынан - 2%, бірақ, бір сақтандыру жағдайы бойынша 30 (отыз) күннен аспайды.